1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Айдын Ашуевтің айтуынша, халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі өзекті болып табылады.  Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істеп, МӘМС-ке төлемдер барлығы үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін шаралар қабылданды.  Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға өзгерістер енгізілді», - деді Айдын Ашуев.

 Бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер  жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады. Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Жаңа механизм 5 қыркүйектен бастап іске қосылды. Сақтандырылмаған азаматтардың 30%-дан астамы осы әдісті қолданады деп топшыланып отыр.

«Алайда, бұл халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет.   Ол жергілікті атқарушы органдармен, Мемлекеттік аумақтық бөлімшелерімен және Ішкі істер министрлігімен, медициналық ұйымдармен бірлесіп өткізілуі керек», - деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы.

«Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарды оған қатысушы болуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі  мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады», - деді Қор басшысы.
16.09.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу